ТҰҰМ 103 жаста

ТҰҰМ төрағасы 23 сәуір Ұлттық егемендік және балалар күні мерекесіне орай құттықтау жариялады.

1978189
ТҰҰМ 103 жаста

Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі (ТҰҰМ) төрағасы Мұстафа Шентоп Осман империясынан жас Түркияға дейінгі аралықта ТҰҰМ-нің ашылуының халықтың еркін білдіретін үлкен өзгерістердің бастауы екенін айтты.

Шентоп Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің 103 жылдығына орай 23 сәуір Ұлттық егемендік және балалар күні мерекесіне арнап хабарлама жариялады.

Түркия Республикасы тарихындағы жаңа және ең маңызды бастамалардың бірі ретінде ТҰҰМ-нің ашылу күнін балаларға сыйлаған құрушыларға алғысын білдірген Шентоп әлемдегі жалғыз балалар күні болған 23 сәуір Ұлттық егемендік және балалар күні мерекесімен құттықтады.

Болашағы жарқын Түркия Республикасының кепілі ретінде балаларға арналған 1920 жылы 23 сәуір күнінің елдің ұлы тарихындағы ең маңызды кезеңдердің бірі және үлкен өзгерістердің бастамасы екенін атап көрсеткен Шентоп «Осман империясынан жас Түркияға дейінгі аралықта ТҰҰМ-нің ашылуының халықтың еркін білдіретін үлкен өзгерістердің бастауы» деді.

Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі (ТҰҰМ) төрағасы Мұстафа Шентоп 103 жылды артқа қалдырған ТҰҰМ-нің тұңғыш төрағасы және Республиканың негізін қалаушы Гази Мұстафа Кемалден бастап, ұлтазаттық күреске қатысқан жолдастары мен алғаш Мәжілістің депутаттарын Алланың рақымы және құрметпен еске алғанын білдірді.

Мәжіліс төрағасы «Бізге аманат етіп қалдырған Түркия Республикасы балаларымыз бен жастарымыздың иығында биіктей бермек. 23 сәуір Ұлттық егемендік және балалар күні мерекесімен құттықтаймын» деді.



Ұқсас жаңалықтар