Министр Өзер балалармен Анытқабірге барды
Министрі Өзер Анытқабір естелік кітапшасына сезімдері мен ойларын жазып қалдырды.

Ұлттық Білім беру министрі Махмут Өзер балалармен 23 сәуір Ұлттық егемендік және балалар күні мерекесіне орай Түркия Республикасының негізін қалаушы Мұстафа Кемал Ататүріктің мүрдесі орналасқан Анытқабірге барды.
Арыстанды жолды балалармен бірге өткен министр Өзер Гази Мұстафа Кемал Ататүріктің кесенесіне гүл шоғын қойып, Анытқабір естелік кітапшасына сезімдері мен ойларын жазып қалдырды.
Министр Өзер 23 сәуір Ұлттық егемендік және балалар күні мерекесіне орай хабарлама жариялап балалар мерекесімен құттықтады.
Ұлттық ерік пен тәуелсіздіктің символы болған Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің (ТҰҰМ) 103 жылдығында Мұстафа Кемал Ататүріктің Түркия мен әлем балаларына сыйға тартқан 23 сәуір Ұлттық егемендік және балалар күні мерекесін тойлауды мақтан тұтатындарын білдірген Өзер «Егемендік сөзсіз ұлтқа тиесілі, деген қағиданы биіктеткен осындай берекелі күнде қасиетті Отанымызды аманат қалдыратын балаларымызға деген сеніміміз шексіз» деді.