Эмине Ердоған әлеуметтік желіден хабарлама жасады

Ердоған хабарламасында балалармен түскен фотосуретті де бөлісті.

1978293
Эмине Ердоған әлеуметтік желіден хабарлама жасады

Президент Режеп Тайып Ердоғанның жұбайы Эмине Ердоған 23 сәуір Ұлттық егемендік және балалар күні меркесі және Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің (ТҰҰМ) 103 жылдығына орай хабарлама жариялады.

Эмине Ердоған әлеуметтік желідегі аккаунтынан жасаған хабарламада «Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің 103 жылдығы мен болашағымыздың кепілі болған бүлдіршіндерімізді 23 сәуір Ұлттық егемендік және балалар күні мерекесімен құттықтаймыз. Қасиетті туымызды ғасырлар бойы мақтанышпен желбірететін Түркияның үміті балаларымыз. Жүректеріндегі жетістіктерге деген күш-жігерлері  мен көздеріндегі ұшқын ешқашан өшпесін, барлығын сүйіспеншілікпен құшақтаймын» деді.

Ердоған хабарламасында балалармен түскен фотосуретті де бөлісті.



Ұқсас жаңалықтар