23 сәуір Балалар күні мерекесі ел көлемінде тойлануда
ТҰҰМ төрағасы Шентоп басшылық жасаған мемлекеттік лауазымдылар Анытқабірге барды.



23 сәуір Ұлттық егемендік және балалар күні мерекесі еліміздің түкпір-түкпірінде тойлануда.
Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің (ТҰҰМ) 103-ші ашылу жылдығына орай 23 сәуір Ұлттық егемендік және балалар күні мерекесіне қатысты салтанатты шаралар ұйымдастырылуда.
Бас қала Анкарадағы салтанатты рәсімдердің алғашқы орны Түрік Республикасының негізін қалаушы Мұстафа Кемал Ататүріктің мәйіті орналасқан жері Анытқабір болды.
Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі төрағасы Мұстафа Шентоп басшылық жасаған мемлекеттік лауазымдылар Ататүріктің кесенесіне барды.
Салтанатты рәсімге вице-президент Фуат Октай, Республикалық халық партиясы (РХП) төрағасы Кемал Кылычдароғлу, министрлер және депутаттар да қатысты.
Мәжіліс төрағасы Ататүрік кесенесіне қызыл және ақ қалампыр гүл шоғын қойған соң бір минут үнсіздік жарияланып, Әнұран шырқалды.
Мұстафа Шентоп артынан «Анытқабір» естелік кітапшасына қол таңбасын қалдырды. Шентоп дәптерге «Құтқарушы, құрылтайшы және ардагер атақтарына ие Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі халықтан алған күшпен демократия және республикалық жүйені жалғастырады. Бұған ешкім күмәні болмасын» деді.