Террористер жойылып жатыр

Ұлттық Қорғаныс министрі Хулуси Акар Ирактың солтүстігіндегі Зап, Гара қаласында террористерге соққы берілгенін айтты.

1978049
Террористер жойылып жатыр

Ұлттық Қорғаныс министрі Хулуси Акар:

«Ирактың солтүстігіндегі Зап, Гара қаласында террористер қансырап жатыр, олар сасқалақтап қалды, жақында жойылады» деді. 

Кайсериде сөйлеген сөзінде терроризммен күрестің ел ішінде де, шекара сыртындағы жерлерде де табандылықпен жалғасып жатқанын айтқан Хулуси Акар:

«Түрік әскерлері Ирактың солтүстігіндегі барлық террорлық лагерлерді қиратты және жоюды жалғастыруда. Біз ешбір шейітіміздің қанын жерде қалдырмадық, барлығының есебін сұрадық. Зап, Гара қаласында лаңкестер қансырап жатыр, олар сасқалақтап қалды, жақында жойылады» деді.

Түркияның өнеркәсіптен туризмге, мәдениеттен өнерге дейінгі көптеген салада дамығанын білдірген Акар қорғаныс өнеркәсібінде жеткен табыстың өте маңызды екеніне назар аударды.

Акар сөзінде Сакария Арифиеде өндіріліген алғашқы ұлттық соғыс танкі "Алтайды" ертең тапсырып алатындарын мәлімдеді.



Ұқсас жаңалықтар