Акар мен Украинаның Инфрақұрылым министрі кездесті

Хулуси Акар мен Украинаның Инфрақұрылым министрі Александр Кубраков кеше Кайсериде кездесті.

1976780
Акар мен Украинаның Инфрақұрылым министрі кездесті

Ұлттық Қорғаныс министрі Хулуси Акар мен Украинаның Инфрақұрылым министрі Александр Кубраков кеше Кайсериде кездесті.

Министрліктен жасалған мәлімдемеге қарағанда, Кубраков пен Акар кездесуде президент Режеп Тайып Ердоғанның басшылығымен құрылған және жаһандық азық-түлік дағдарысының шешілуіне үлкен үлес қосқан астық бастамасын талқылады.

Осы таңға дейін 903 кемемен мұқтаж елдерге 28,3 миллион тонна астықтың қауіпсіз жеткізілуін қамтамасыз еткен бастаманың үздіксіз жалғасуы үшін атқарылатын қадамдар жөнінде пікір алмасылды.

Кездесуде министр Акар адам өлімінің алдын алу және аймақта бейбітшілік пен тұрақтылықты қалпына келтіру үшін дереу атысты тоқтатудың маңыздылығына тоқталды.

Түркияның осы уақытқа дейін жасағаны сияқты аймақта бейбітшілік пен гуманитарлық көмекті қамтамасыз етуде өз үлесін қосатыны айтылды.



Ұқсас жаңалықтар