"E5000" типті электр локомотиві өндірілді

Электр локомотиві Түркияда қазірге дейін өндірілген ең қуатты отандық көлік.

1976647
"E5000" типті электр локомотиві өндірілді

Түрік рельсті көліктер өнеркәсібі корпорациясының Эскишехир зауытында отандық және ұлттық ресурстармен жасалған E5000 типті электр локомотиві Президент Режеп Тайып Ердоған қатысуымен өтетін жаппай ашылу салтанатында рельске шығарылады.

Рельс жүйесінде шет елдерге технологиялық тәуелділікті жоятын электр локомотиві Түркияда қазірге дейін өндірілген ең қуатты отандық көлік болып табылады.

Түркия Республикасы Мемлекеттік Темір жолдарының қажеттіліктеріне сәйкес әзірленген 5 мегаватт қуатындағы E5000 Еуропалық Одақ темір жолдарындағы Өзара жұмыс істеу техникалық сипаттамасы сертификатымен назар аударады.

Жүк мен жолаушыларды тасымалдай алатын E5000 сағатына 140 шақырым жылдамдықпен жүретін жаңа буын электр магистральдық локомотив ретінде ерекшеленеді.

Сонымен бірге Энергетика және табиғи ресурстар министрі Фатих Дөнмез отандық көліктер өнеркәсібі корпорациясы Ескишехир зауытында отандық және ұлттық қондырғылармен әзірленген E5000 типті электр локомотивіне қатысты «Қазір біз өзіміздің ішкі және ұлттық ресурстарымызбен шетелден сатып алған өнімдерді шығара аламыз. Бұл өте қуанарлық жағдай» деді.



Ұқсас жаңалықтар