Ванда 2 террорист залалсыздандырылды
Ішкі істер министрі әлеуметтік желідегі аккаунтынан мәлімдеме жасады.

Ванның Эрджиш ауданы ауылдық аймағында шыққан қақтығыста PKK-лық 2 террорист залалсыздандырылды.
Ванның Эрджиш ауданына қарасты Янкытепе ауылдық аймағында пилотсыз әуе көлігінің барлау/бақылау жұмыстары барысында 2 террорист анықталды.
PKK/KCK террор ұйымы мүшелері тұрған баспанаға Ван арнайы операциялық дирекциясы операция жасап, шыққан қақтығыста 2 террорист залалсыздандырылды.
Залалсыздандырылған террористтердің бірінің Ішкі істер министрлігі іздеу салған террористтер тізімінде көк санаттағы «Хежар Рония Серхат» лақапты Севилай Акйылдырым екені атап көрсетілді.
Ішкі істер министрі Сүлейман Сойлу әлеуметтік желідегі аккаунтынан жасаған хабарламасында «2023 жылдың 29 қазан күні Түркияның тауларында террорист қалдырмаймыз. Полиция барлау қызметі мен Ван полициясын құттықтаймын» деді.
Ұқсас жаңалықтар

Хакан Фиданның Нью-Йорктегі кездесулері жалғасуда
Хакан Фидан Түркевинде Панама Сыртқы істер министрі Жанайна Тевани Менкомомен кездесті.