Чавушоғлу Израиль Сыртқы істер министрімен телефонда сөйлесті

Чавушоғлу Израиль Сыртқы істер министрі Эли Коэнмен телефон арқылы сөйлесті.

1974131
Чавушоғлу Израиль Сыртқы істер министрімен телефонда сөйлесті

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Израиль Сыртқы істер министрі Эли Коэнмен телефон арқылы сөйлесті.

Сыртқы істер министрлігінің мәлімдемесіне қарағанда  әңгімеде Әл-Ақса мешітіне байланысты  соңғы оқиғалар талқыланды.

Чавушоғлу Израиль үкіметінің Рамазан айының соңына дейін мұсылмандардан басқа ешкімнің Әл-Ақса мешітіне кіруіне рұқсат бермеу шешімін шиеленісті азайту тұрғысынан оң деп санағанын айтты және Әл-Ақса мешітінде арандатушылықтардың қайталанбауы керектігін түсіндірді.

Чавушоғлу Түркияның шиеленісті азайтуға барлық үлесті қосатынын білдірді.

Бұдан бұрынғы оқиғаларды еске сала кетейік.

Израиль полициясының екі күн қатарынан Әл-Ақса мешітінде мұсылмандарға қарсы дыбыс бомбалары, пластикалық оқтар және таяқтармен шексіз күш қолдануы жаулау астындағы Шығыс Иерусалимде шиеленістердің ушығуына себеп болған еді.  

Израильдің 4 сәуір күні Әл-Ақса мешітіне жасаған шабуылымен аймақта басталған шиеленіс 7 сәуір жұма түнінің алғашқы сағаттарында Израильдің Газа және Ливанға жасаған шабуылдарымен ұлғайған болатын.

11 сәуірде Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху жаулап алынған Шығыс Иерусалимдегі Әл-Ақса мешітіне ұшқары еврейлердің шабуылдарын Рамазан айының соңына дейін тоқтату туралы шешім қабылдаған болатын.



Ұқсас жаңалықтар