Министрлер «TOGG»-ты пайдалана бастады

Министрліктерге отандық автокөлік «TOGG» пайдалануға берілді.

1973023
Министрлер «TOGG»-ты пайдалана бастады
derya yanik togg.jpg
mehmet nuri ersoy togg.jpg
suleyman soylu togg.jpg

Министрлер Түркияның ақылды автокөлігі «TOGG»-ты пайдалана бастады.

«TOGG»-ты алғаш мінген Әділет министрі Бекир Боздағ «Басқа көліктерде дыбысты естисіздер, бірақ мен қазір ешбір дыбыс естіген жоқпын. Көлік үнсіз жүріп жатқандай. Айдаған кезде өте ыңғайлы» деді.

Мәдениет және туризм министрі Мехмет Нури Ерсой да әлеуметтік желідегі аккаунтынан жасаған хабарламада «Түркия ғасыры» хэштегімен «TOGG»-пен алғашқы сапарының фотосуретін бөлісті.

Отбасы және әлеуметтік қызметтер министрі Дерья Янык өзінің ресми көлігі «TOGG»-пен алғаш рет жолға шықты. Янык министрлік аумағын аралап шықты.

Ішкі істер министрі Сүлейман Сойлу болса әлеуметтік желідегі аккаунтынан жасаған мәлімдемеде «Түркияның төңкерісі, отандық автокөлігіміз «TOGG» министрліктің инвентарына енді. Атсалысқан баршаға, әсіресе, тағы бір арманын жүзеге асырған Президентіміз Режеп Тайып Ердоғанға алғысымыз шексіз» деді.

Ұлттық білім беру министрі Махмут Өзер де «TOGG»-ты пайдалану кезінде түсірілген фотосуреттерін әлеуметтік желідегі аккаунтынан жариялады.

Жастар және спорт министрі Мехмет Мухаррем Касапоғлу да әлеуметтік желідегі аккаунтынан «TOGG»-ты пайдалану кезінде түсірілген кадрларын бөлісті.

Түркияның отандық көлігімен алғаш тәжірибесін жасаған Касапоғлуна азаматтар үлкен қызығушылық танытты.

Касапоғлу «TOGG»-тың алдында азаматтармен фотосуретке түсті.



Ұқсас жаңалықтар