Хаккариде бір террорист берілді

Хаккариде PKK мүшесі 1 террористтің көндіру жұмыстарының нәтижесінде қауіпсіздік күштеріне берілгені білдірілді.

1969076
Хаккариде бір террорист берілді

Хаккари Уәлаят әкімшілігі бөлшектеуші террористік ұйым PKK мүшесі 1 террористтің көндіру жұмыстарының нәтижесінде қауіпсіздік күштеріне берілгенін жариялады.

Уәлаят әкімшілігінің мәлімдемеде Уәлаят Қауіпсіздік басқармасына қарасты топтардың бөлшектеуші террор ұйымы PKK/KCK-ның әрекеттерін анықтау және алдын алу жұмыстарын жалғастырып жатқаны білдірілді.

Мәлімдемеде:

«PKK/KCK террористік ұйымының мүшесі бір ер адаммен және отбасымен өткізілген кездесулер нәтижесінде 1 сәуірде Хабур шекара қақпасында беріліп, уәлаятымызға әкелініп, отбасындағылармен кездестірілді және қажетті сот ісі басталды» деп көрсетілді.



Ұқсас жаңалықтар