Акар: "Соңғы 3 айда 340 террорист залалсыздандырылды"
Ұлттық Қорғаныс министрі Хулуси Акар мәлімдеме жасады.
1968546

Ұлттық Қорғаныс министрі Хулуси Акар соңғы 3 айда 340 террористің залалсыздандырылғанын білдірді.
Министр Акар 6 ақпан күні Кахраманмарашта болған жер сілкінісінен ең көп зардап шеккен қалалардың бірі Хатайда жасаған мәлімдемесінде террорға қарсы күрес тақырыбымен байланысты «Терроризммен күрес қарқынды түрде және табандылықпен жалғасуда. Біз 40 жылдан бері халықты зиянын тигізетін бұл пәледен ұлтымызды аман алып қалуға бел байладық және бұл қолымыздан келеді.
Түрік әскері соңғы 3 айда 340 террористті залалсыздандырды. Террористтерге кім арқау болса да, қару-жарақ, тікұшақ, оқ-дәрі немесе қаржыландырғанына қарамастан жоямыз. Террорист қайда болса, біздің нысанамыз сонда» деді.