Акар  Құран Кәрім мен Түрік туына жасалған шабуылды айыптады

Ұлттық Қорғаныс министрі Хулуси Акар «Данияда болған опасыз және жексұрын шабуылды қатаң айыптаймыз» деді.

1968328
Акар  Құран Кәрім мен Түрік туына жасалған шабуылды айыптады

Ұлттық Қорғаныс министрі Хулуси Акар Данияда Құран Кәрім мен Түрік туына жасалған шабуылға байланысты Еуропада соңғы уақытта артқан бұл дұшпандық, жабайы ойлар мен әрекеттердің демократиялық құндылықтар, кең пейілділік және бейбітшілікте бірге өмір сүру мәдениетін жойғанын білдірді.

Акар кеше Хатайда жасаған мәлімдемесінде «Опасыз және жексұрын шабуылды қатаң айыптаймыз. Бұл әрекеттерге көз жұмғандарды, үнсіз қалып ынталандырғандарды және оларды  қылмысқа итермелейтіндерді сыбайластар деп жариялаймыз және айыптаймыз» делінді.



Ұқсас жаңалықтар