Сергей Лавров Түркияға келеді

Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров  6-7 сәуірде ресми сапармен Түркияға келеді.

1967724
Сергей Лавров Түркияға келеді

Ресей Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Мария Захарова ел астанасы Мәскеуде апта сайынғы баспасөз мәслихатында министр Лавровтың келесі аптадағы бағдарламасы туралы ақпарат берді.

Мария Захарова «Анкарада Сергей Лавров пен Мевлүт Чавушоғлұ кездеседі »деді. 

Лавровтың 6-7 сәуірде Түркияға сапар жасайтынын атап көрсеткен Захарова «Кездесулер барысында сауда, энергетика, туризм және  екі ел қарым-қатынасы  сынды тақырыптар талқыланады» деген сөздер қолданды. 

Кездесуде халықаралық өзекті мәселелердің қолға алынатынын түсіндірген Захарова Украина, Сирия, Қарабах жанжалы,  Орталық Азия және Ауғанстан тақырыбында пікір алмасатынын баяндады. 

 



Ұқсас жаңалықтар