БҰҰ Түркияға қолдау көрсету үндеуін қайталады
БҰҰ жер сілкінісінен кейін Түркия үшін басталған төтенше жағдайға қолдау көрсету үндеуін қайталады.

Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) жер сілкінісінен кейін Түркия үшін басталған төтенше жағдайға қолдау көрсету үндеуін қайталады.
Біріккен Ұлттар Ұйымының Гуманитарлық істерді үйлестіру кеңсесі (OCHA) баспасөз хатшысы Йенс Лаерке Швейцарияның Женева қаласында өткен баспасөз мәслихатында Түркияда 6 ақпанда болған жер сілкінісінен 9 миллион адамның тікелей зардап шеккенін және 3 миллион адамның қоныс аударғанын айтты.
Лаерке БҰҰ мен гуманитарлық серіктестері бүгінге дейін 4,1 миллион адамға киім-кешек, тамақ пен жылытқыштар сияқты негізгі тұрмыстық заттарды жеткізгенін айтты.
Лаерке «3 миллион адамға шұғыл азық-түлік көмегі көрсетілді. 700 мыңнан астам адамға шатырлар, жөндеу құралдары берілді. Сонымен қатар тұрғын үй-жайларын жақсартуға қолдау көрсетілді» деген сөздер қолданды.
Лаерке «БҰҰ-ның 16 ақпанда Түркиядағы жер сілкіністеріне байланысты 1 миллиард долларлық жедел жәрдем үндеулеріне сай 268 миллион доллар үлес қосылды. Жылу жинау жөнінде алдыңғы бес ел қатарында ретімен АҚШ, Кувейт, Еурокомиссия, БҰҰ Орталық төтенше жағдайлар қоры (CERF) және Сауд Арабиясы орын алуда» деді.
Ұқсас жаңалықтар

Түркия Суданға көмектесуде
Судан өкілі елші Әли «Біз Түркияның Суданда алатын кез келген рөлін құптаймыз» деді.

Түркия Суданнан 2382 адамды эвакуациялады
Эвакуациялау статистикасы Сыртқы істер министрлігінің Твиттер парақшасында жарияланды.