Анн-Клер Лежандр журналисттердің сұрақтарына жауап берді

Анн-Клер Лежандр PKK/YPG мүшелерін өткен аптада Сенатта қабылдауының үкіметке қатысты емес екенін алға тартты.

1967897
Анн-Клер Лежандр журналисттердің сұрақтарына жауап берді

Франция Сыртқы істер министрлігі баспасөз хатшысы Анн-Клер Лежандр бөлшектеуші террор ұйымы PKK/YPG мүшелерін өткен аптада Сенатта қабылдауының үкіметке қатысты емес екенін алға тартты.

Баспасөз хатшысы Лежандр министрліктің апта сайынғы баспасөз мәслихатында журналистердің сұрақтарына жауап берді.

Лежандр Сириядағы террор ұйымы PKK мүшелері YPG және  оның әйелдер бөлімшесі YPJ-ті өткен аптада Франция Сенатында қабылдауына қатысты сұраққа «биліктердің жұмыс бөлісуі» деп жауап берді.

«Сенат өз күнтізбесін дербес шешеді» деген Леджандр террор ұйымы YPG/PKK-ның ДАИШ-ке қарсы табанды күрес жүргізіп  жатқанын алға тартты.

Леджандр Францияның Еуропа Одағының (ЕО) террор тізіміндегі PKK-ға байланысты Түркиямен ынтымақтастығын жалғастырғанын айтты.

«Террор ұйымдары PKK мен YPG арасындағы байланыстардың сонымен қатар бұл екі ұйымның ауыз жүзіндегі басшыларының PKK ішінде қанды террорлық әрекеттер жасағаны да белгілі» деген сөздерге орай министрлік баспасөз хатшысы Париж үкіметінің PKK мен YPG-ді басқаша бағалағанын және бұл тақырып бойынша басқа ештеңе айта алмайтынын түсіндірді.

Түркия Сыртқы істер министрлігі Францияның Анкарадағы елшісі Эрве Магроны министрлікке шақырып, Франция Сенатында болған оқиғаның Түркия тарапынан қабылданбағанын және қатаң түрде айыпталғанын хабарлаған еді.



Ұқсас жаңалықтар