Түрік өнеркәсібі шетелдің назарын аударуда

Американың "CNBC" телеарнасы түрік қорғаныс өнеркәсібінің дамуы туралы таңғаларлық мақала жариялады.

1966439
Түрік өнеркәсібі шетелдің назарын аударуда

Түрік қорғаныс өнеркәсібіндегі табыстар шетелдік баспасөзде де әсер етуді жалғастыруда.

Соңғы кезекте америкалық "CNBC" телеарнасы түрік қорғаныс өнеркәсібінің дамуы туралы таңғаларлық мақала жариялады.

Мақала «Қарулы ұшқышсыз әуе көліктері және миллиард долларлық келісімдер: Түркияның жылдам дамып келе жатқан қорғаныс өнеркәсібі өзінің жаһандық әсерін арттыруда» деген тақырыппен берілген.

Түрік қорғаныс өнеркәсібіндегі экспорттың үздіксіз артып отырғаны атап көрсетілген мақалада: «Түркия 2022 жылы 4 миллиард 400 миллион долларлық қорғаныс экспортын жасады. Бұл кейбір Еуропа елдерінің жылдық қорғаныс бюджетінен көп. Бұл көрсеткіштің 2023 жылы 6 миллиард долларға артуы күтілуде» деп жазылды.

2022 жылы 24 ақпанда басталған Украина-Ресей соғысы салдарынан НАТО елдерінің қорлары айтарлықтай төмендегені назар аударды.

"CNBC" телеарнасының мақаласында «Түрік қорғаныс өнеркәсібі компаниялары НАТО елдерінің алдағы жылдарға арналған түгендеу қорын толықтыруға арналған сұраныстарға толы» делінген.

Түркияның әсіресе ұшқышсыз ұшақтармен бірге сыртқы саясатта ерекшеленетіні білдірілген мақалада "Байрактар ​​TB2-нің" Украинаға қарсы соғыстағы тиімді рөліне тоқталды.

Мақалада «Түрік қорғаныс өнеркәсібі компанияларының соңғы бірнеше жылда жасаған халықаралық келісімдерінің саны, жылдам артқан сұраныстар зерттеу мен дамытуға инвестицияның артқанын көрсетеді, бұл Түркияның сыртқы саясатына ықпал етуші әсерге ие» делінген.



Ұқсас жаңалықтар