Мұстафа Шентоп Францияға наразылық көрсетті

Шентоп PKK/YPG мүшелерін  Франция Сенаты қонақ қылып, террористтерге медаль беруіне наразылық білдірді.

1966123
Мұстафа Шентоп Францияға наразылық көрсетті

Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі төрағасы Мұстафа Шентоп бөлшектеуші террор ұйымы PKK/YPG мүшелерін  Франция Сенаты қонақ қылып, террористтерге медаль беруіне наразылық білдірді.

Мұстафа Шентоп әлеуметтік медиа парақшасында жариялаған хабарламасында Түркияның ұлттық қауіпсіздігіне қауіп төндіретін бөлшектеуші террор ұйымы мүшелерінің Франция Сенатында күтіп алынуының үлкен оқиға болумен қатар, таң қаларлық бір жағдай емес екенін білдірді.

Шентоп Францияның бұдан бұрын террор ұйымдарымен, әсіресе ДАИШ-пен ашық немесе жасырын байланыс жасағанын еске салып «Мәжіліс төрағасы  ретінде айта кетейін. Бір елдің парламентінің лаңкестік ұйым мүшелерін қабылдауы сол мекеменің абыройын түсіреді. Бұл Францияның террор ұйымы PKK-ның Сириядағы тармағымен бірге екенін бүкіл әлемге көрсетеді. Франциядан құқыққа, адамгершілікке және заманауи сенімді бір мемлекет болудың талаптарына сай әрекет етеді деп күтеміз» деген сөздер қолданды.

Әділет және даму партиясы төрағасының орынбасары және партия баспасөз хатшысы Өмер Челик те әлеуметтік медиа парақшасында террор ұйымы PKK/YPG мүшелерінің Франция Сенатында болуының Франция үшін ұятты жағдай екенін білдірді.

Челик «Бұл да түрік-француз достығына бағытталған арандатушылық әрекет.  Бұл масқаралықты қатаң түрде айыптаймыз» деді.



Ұқсас жаңалықтар