Президент Адыяманға аттанады

Ердоған тұрғын үйлердің іргетасын қалау салтанатына қатысады.

1965596
Президент Адыяманға аттанады

Президент Режеп Тайып Ердоған жаңа тұрғын үйлердің іргетасын қалау салтанатына қатысу мақсатымен бүгін Адыяманға аттанады.

Жер сілкінісінде қираған үйлердің орнына салынатын 46 мың 327 үйдің келісімі аяқталып, құрылыс процесі басталды.

23 наурыз күні президент Ердоғанның қатысуымен 17 мың 902 үйдің іргетасы қаланған еді.

Президент бүгін де Адыяманда іргетас қалау салтанатына қатысады. Артынан шатыр қалаларын аралайды, жер сілкінісінен зардап шеккен азаматтармен бірге ауыз ашады.



Ұқсас жаңалықтар