Құранға және түрік байрағына жасалған шабуылды айыптады
Хулуси Акар Хатайда шекарада күн тәртібіне байланысты мәлімдеме жасады.

Ұлттық Қорғаныс министрі Хулуси Акар Данияда Құран және түрік байрағына жасалған шабуылды айыптады.
Хулуси Акар Хатайда шекарада күн тәртібіне байланысты мәлімдеме жасады.
Министр Данияда Түркия елшілігі алдында Құран кітап пен түрік туына жасалған шабуылға тоқталып, «Бұл оқиғаларды айыптаймыз. Бұл сөз бостандығы емес. Сөз бостандығын сылтау қылғандар шыныменен үлкен қателік жасап отыр» деді.
Ол осындай арандатушылықтарға көз жұмып, рұқсат етудің адам баласы қылмысына ортақ болу деген мағынаға келетінін атап көрсетті.
«НАТО одақтастарымыздан және мүше болуға кандидаттардан осындай тақырыптарда сезімтал болуын, осындай лаңкестік жасағандарға дереу жауап берілуін және шара қолдануын сұраймыз» деді ол.
Ұқсас жаңалықтар

Ердоған Джо Байденмен телефонда сөйлеседі
Президент Режеп Тайып Ердоған бүгін кешке АҚШ президенті Джо Байденмен телефон арқылы сөйлеседі.