Жоғары сайлау кеңесі мәлімдеме жасады

Президент Ердоған мен Кылычдароғуның президенттік сайлауға үміткерлік өтініштері қабылданды.

1965151
Жоғары сайлау кеңесі мәлімдеме жасады

«Миллет» Одағының президенттік сайлаудағы үміткері Кемал Кылычдароғлуның кандидаттыққа өтініші қабылданды.

Жоғарғы сайлау кеңесі (ЖСК) жасаған мәлімдемеге қарағанда президенттік сайлау мен 28-ші Жалпыхалықтық сайлау жүзеге асырылатын сайлаулық күнтізбеге қарағанда 2023 жылы 19 наурыз жексенбі күні басталып, 2023 жылы 23 наурыз бейсенбі күні сағат 17:00-ге дейін саяси партиялар Жоғарғы сайлау кеңесіне тапсырған өтініштер қаралды.

Жүргізілген жұмыстар нәтижесінде Әділет және даму партиясы мен Ұлтшыл қозғалыс партиясы ұсынған ортақ үміткер президент Режеп Тайып Ердоған мен Республика халық партиясы және IYI партиясы ұсынған Кемал Кылычдароғлуның өтініш құжаттарында кемшіліктердің жоқтығы және кандидаттық өтініштерінің қабылданғаны білдірілді.



Ұқсас жаңалықтар