Седат Өнал БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде сөз сөйледі
Түркияның БҰҰ жанындағы Тұрақты өкілі Елші Седат Өнал БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде өткен Сирия сессиясында сөз сөйледі.

Түркияның Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) жанындағы Тұрақты өкілі Елші Седат Өнал Сирияның саяси және аумақтық тұтастығына адалдығын сақтаған Түркияның PKK/YPG және ДАИШ сияқты террор ұйымдарының сепаратистік күн тәртібін бұзуға деген табандылығын жалғастыратынын айтты.
Өнал БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде өткен Сирия сессиясында сөз сөйледі.
Сириядағы қақтығыстың 13-ші жылға аяқ басқанын атап өткен Өнал Сирия халқының соғыс пен босқындардың кесірінен зардап шегіп жатқанын айтты.
6 ақпандағы жер сілкіністері алдында Сириядағы гуманитарлық жағдайдың өте нашар болғанына назар аударған Өнал «Жер сілкіністері осы осал жағдайды нашарлатып, гуманитарлық мұқтаждықтарды қиындатты. Бұл жағдай БҰҰ-ның шекаралық көмегін жалғастыруды одан да маңызды етті» деді.
Сирияда жалғасып жатқан дағдарысқа бейжай қарауға болмайтынын түсіндірген Өнал саяси процестің қайта жандануы керектігін айтты.
Босқындардың қауіпсіз, ерікті және лайықты түрде оралуы үшін қолайлы жағдай жасаудың дағдарысқа тұрақты шешім табу талпыныстарының бір бөлігі болуы керектігін атап көрсеткен Өнал «Бұл бүкіл халықаралық қауымдастықтың ортақ жауапкершілігі» деп көрсетті.
Ұқсас жаңалықтар

Хакан Фидан Твиттерде ресми аккаунт ашты
Сыртқы істер министрі Хакан Фидан Твиттерде ресми аккаунт ашты.