Ердоған биылғы алғашқы ауызашарын Кахраманмарашта өткізді

Президент Режеп Тайып Ердоған ауызашар асында маңызды мәлімдеме жасады.

1964385
Ердоған биылғы алғашқы ауызашарын Кахраманмарашта өткізді

Президент Режеп Тайып Ердоған биылғы алғашқы ауызашар асын 6 ақпан күні болған жер сілкінісінің орталығы Кахраманмараштағы Караджасу контейнерлік қаласында шәйіт отбасылары және жер сілкінісінен зардап шеккендермен  бірге өткізді.

Ердоған сөзінде биылғы Рамазан айының жер сілкіністері салдарынан қаза болғандардың жүрегін елжіретіп тұрған шақта қатты күйзеліспен қарсы алғанын атап өтіп, жер сілкінісінен қаза тапқан азаматтарға Алладан рақым, жақындарына сабыр және әлі емделіп жатқан жарақаттардың сауығып кетуін тіледі.

14 миллион азаматтың өмірін түбегейлі өзгерткен апатқа ешкімнің бей-жай қарауға болмайтынын білдірген президент Ердоған «Жер сілкінісінен зардап шеккендерді жалғыз тастамаймыз. Жауапкершілігіміз бен бауырластық парызымызды орындаймыз» деген сөздер қолданды.

Президент Режеп Тайып Ердоған  терроризммен күреске де тоқталды.

Ердоған «Соңғы террорист жойылғанға дейін күресеміз.  Операцияларымыз шекарамыздың ішінде де, сыртында да жалғасады. Біз терроризмді жеңіп қана қоймаймыз. Сондай-ақ осы террористтерге қолдау берген, ынталандырған және қару-жарақтармен қамдағандың ойындарын да бұзамыз» деп көрсетті.

 



Ұқсас жаңалықтар