Энтони Блинкен жаңа F-16 соғыс ұшақтарына тоқталды

Блинкен Түркияның жаңа F-16 соғыс ұшақтары мен  қолданыстағы F-16 флоты модернизация рұқсатын алуының НАТО үшін маңызды екенін айтты.

1964427
Энтони Блинкен жаңа F-16 соғыс ұшақтарына тоқталды

Америка Құрама Штаттары (АҚШ) Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Түркияның жаңа F-16 соғыс ұшақтары мен  қолданыстағы F-16 флоты модернизация рұқсатын алуының НАТО үшін маңызды екенін айтты.

АҚШ Өкілдер палатасының Сыртқы байланыстар комитетінде сөз сөйлеген Блинкенге Түркияға F-16 ұшақтарының сатылуы және Джо Байден әкімшілігінің Түркияның F-16 ұшақтарының АҚШ-тың одақтастарына қарсы пайдаланылмауын қамтамасыз ету үшін жасаған қадамдары туралы сұрақ қойылды.

Бұл сұраққа Блинкен «Түркияның жаңа  F-16 ұшақтары мен қолданыстағы F-16 ұшақтары үшін модернизация пакетін алуы керек деп есептейміз. Бұл әрі НАТО , әрі одақтастары үшін де маңызды деп ойлаймыз» деп жауап берді.

Енді бір жағынан АҚШ Мемлекеттік хатшысы  НАТО одақтастары арасындағы шиеленісті азайту және шиеленісті тудыратын әрекеттерден  аулақ болу үшін жұмыс істеп жатқандарын айтты.

Блинкен «Түркия Грекиямен немесе кез келген басқа бір НАТО одақтасымен жұмыс істейді. Күш-жігеріміздің басты мақсаты--олардың бір-бірімен толық үйлесімді болуы үшін қажетті жабдықтар мен технологияларды қамтамасыз ету» деп көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар