Түркия Пәкістанға көңіл айтты

Министр Чавушоғлу Шариф және Зардаримен телефон арқылы сөйлесті.

1964166
Түркия Пәкістанға көңіл айтты

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Пәкістан премьер-министрі Шахбаз Шариф және Сыртқы істер министрі Билавал Бхутто Зардаримен телефон арқылы сөйлесіп, оларға жер сілкінісінде қаза тапқандар үшін көңіл айтты.

Сыртқы істер министрлігінен жасалған мәлімдемеде Чавушоғлуның Шариф және Зардаримен телефон арқылы сөйлескенін білдірді.

Әңгіме барысында министр Чавушоғлу Ауғанстанның Хиндикуш аймағында болған және Пәкістанға да ықпал еткен 6,5 балдық жер сілкінісіне орай көңіл айтып, Пәкістанмен ынтымақтастығын тілге тиек етті.

Пәкістан премьер-министрі Шариф пен Сыртқы істер министрі Зардари болса министр Чавушоғлуна алғысын білдірді.

Чавушоғлу Твиттер аккаунтынан жасаған ағылшын тіліндегі хабарламасында жер сілкінісінен зардап шеккен Пәкістан, Ауғанстан, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түрікменстан, Тәжікстан және Үндістанмен толық ынтымақтасатындарын білдірді.

Чавушоғлу Пәкістан мен Ауғанстанда қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтты.

21 наурыз күні Ауғанстанның Хиндукуш аймағында 6,5 балдық жер сілкінісі болып, жер сілкінісі Үндістан және Орталық Азияның кейбір елдерінде, әсіресе Пәкістанда қатты сезілді.



Ұқсас жаңалықтар