Хаккариде террор ұйымына тиесілі оқ-дәрі тәркіленді
«Ерен аблука күз-қыс-5» операциясы барысында көптеген қару мен оқ-дәрі тәркіленді.
1964146

Хаккариде бөлшектеуші PKK террор ұйымына бағытталған «Ерен аблука күз-қыс-5» операциясында көптеген қару мен оқ-дәрі тәркіленді.
Ішкі істер министрлігі жасаған мәлімдемеге қарағанда операция аясында Каваклы ауылының ауылдық аймағында іздестіру жұмыстары барысында қару-жарақ қоймасы ретінде пайдаланылған бір баспана анықталды.
Баспанадан PKK/KCK террор ұйымына тиесілі көптеген қару-жарақ, оқ-дәрі, құрал-жабдық пен материал табылды.
Қауіпсіздік күштері материалдар мен баспананы жойды.