Акар Шойгумен телефонда сөйлесті

Акар Ресей Қорғаныс министрі Сергей Шойгумен телефон арқылы сөйлесті.

1963876
Акар Шойгумен телефонда сөйлесті

Ұлттық Қорғаныс министрі Хулуси Акар Ресей Қорғаныс министрі Сергей Шойгумен телефон арқылы сөйлесті.

Министрліктің мәлімдемесіне қарағанда әңгіме барысында Украина, астық тасымалы және  Сирияның солтүстігіне қатысты мәселелер талқыланды.

Әңгімеде Акар жаһандық азық-түлік дағдарысының шешілуіне үлкен үлес қосқан астық бастамасын кеңейтудегі ынтымақтастыққа қанағаттанғанын білдіріп, астық жөнелтілімдерінің үздіксіз жалғасуының маңыздылығына тоқталды.

Министр Акар Түркияның осы уақытқа дейін жасағандай аймақта бейбітшілік пен гуманитарлық көмекті қамтамасыз етуде өз үлесін қосуды жалғастыратынын атап көрсетті.

Сирияның солтүстігіне тоқталған Акар Түркияның жалғыз мақсатының шекаралары мен азаматтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және терроризммен күресу екенін білдірді.

Президент Режеп Тайып Ердоған мен Ресей президенті Владимир Путиннің басшылығында басталған келіссөздердің аймақ және  Сириядағы бейбітшілік пен тұрақтылыққа елеулі үлес қосатынына назар аударған Акар мұның жалғасуының үлкен мәнге ие екенін түсіндірді.

Ұлттық қорғаныс министрі Акар  6 ақпанда орталығы Кахраманмараштағы жер сілкінісінен кейін Ресейдің қолдауы мен ынтымақтастығы үшін алғысын білдірді.



Ұқсас жаңалықтар