Президент Ердоған Ирак премьер-министрін қабылдады

Президент Ердоған Ирак премьер-министрі эс-Суданимен Президенттік сарайда бас қосты.

1963520
Президент Ердоған Ирак премьер-министрін қабылдады

Президент Режеп Тайып Ердоған Ирак премьер-министрі Мұхаммед Шиа эc-Суданимен бірге терроризмнің әртүрімен күресуге бел байлағандарын атап көрсетті.

Президент Ердоған Ирак премьер-министрі эс-Суданимен бас қала Анкарадағы Президенттік сарайда бас қосты.

Оңаша және делегация аралық кездесулердің артынан Ердоған мен Шия эс-Судани ортақ баспасөз мәслихатын өткізді.

Премьер-министр Шия эс-Суданимен кездесуінде өзара қарым-қатынастарды жан-жақты талқылағандарын білдірген Ердоған «Терроризмнің әртүрімен күресуге бел байлағанымызды қуаттадық. Басрадан Түркия шекарасына дейін созылатын автокөлік және теміржол дәлізін салу үшін «Даму жолы жобасын» бірлесіп жүзеге асыруда табандылығымызды тілге тиек еттік» деді.

Ирак премьер-министрімен кездесуінде PKK, ДАИШ және Фетуллахшы террор ұйымы (ФЕТО) сияқты террор ұйымдарымен күресті де талқылағандарын атап көрсеткен Ердоған «Бұл ұйымдардың екі елге де қауіп төндіретіні анық. Ирактық бауырларымыздан PKK-ны террор ұйымы деп тануын және елді-мекендерін осы қанды террор ұйымынан азат етуі» деді.

Ердоған Түркияның терроризммен күресте Иракпен кез-келген ынтымақтастыққа дайын екенін атап көрсетті.

Ердоған өткен жылы 24 миллиард доллардан асып, рекорд жаңартқан Түркия мен Ирактың сауда көлемін одан әрі арттыруға мүмкіндік бар екенін түсіндірді.

Президент «Көктемнің жаршысы болған Наурыз мерекесімен Ирактағы барша бауырымызды, құттықтаймыз» деді.



Ұқсас жаңалықтар