Чавушоғлу: Швеция басқан қадамдар жеткіліксіз

Министр Чавушоғлу Халықаралық донорлар конференциясында үн қатты.

1962628
Чавушоғлу: Швеция басқан қадамдар жеткіліксіз

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу НАТО-ға мүшелікке өтініш берген Швециядан терроризмді қаржыландыру, содыр жинау және үгіт-насихат жүргізу әрекеттерін тоқтату және қажетті шараларды қабылдауын күткендерін білдірді.

Чавушоғлу Бельгияның бас қаласы Брюссельде өткен Халықаралық донорлар конференциясының артынан баспасөзге мәлімдеме жасады.

Чавушоғлу Швецияның НАТО-ға мүшелік процесі туралы қойылған бір сұраққа маусым айында Испанияның бас қаласы Мадридте Түркия, Швеция және Финляндия арасында жасалған үштік келісімге назар аударды.

Келісімнің орындалып немесе орындалмағанын тексеретіндерін білдірген Чавушоғлу Швецияның жаңа үкіметпен терроризммен күрес заңын өзгерту сияқты оң қадамдар басқанын, мұның құпталатынына назар аударды.

Чавушоғлу «Атазаңдарына өзгеріс енгізді. Әрине мұның мақсаты не? Терроризммен күресте нақты қадамдар басу. Кімге қарсы? PKK және оның жақтастарының PKK-ға қаржы жинау әрекеттерін тоқтатуға, Швециядан содыр жинауға және террорлық насихат жүргізуге қарсы. Қазіргі Скандинавия елдеріндегі заңдар терроризмге қарсы күресте өкінішке орай жеткіліксіз. ДАИШ сол жерде әкімшілік шарамен жасаса, барлығы тосқауыл қояды, ал PKK жасағанда оған ешкім кедергі жасамайды. бәрін ашық сөйлесейік»  деді.

Қорытып айтқанда PKK және басқа да террор ұйымдарының бұл әрекеттерінің жалғастырғанын баса айтқан Чавушоғлу «Швециядан күтетініміз - олар біршама оң қадамдар жасады, бірақ жеткіліксіз. Алдымен терроризмді қаржыландыру, содыр жинау және үгіт-насихат жүргізу әрекеттерін тоқтату және қажетті шараларды қабылдау керек. Сондай-ақ біз ұстап беруді талап еткен адамдар да бар, осыған байланысты нақты қадамдар басылуда» деді.



Ұқсас жаңалықтар