Сыртқы істер министрлігінің Косова мен Сербия мәлімдемесі
Түркия Косово мен Сербия арасындағы қарым-қатынастарды қалына келтіруді құптағанын білдірді.
Түркия Еуроодақ (ЕО) жол картасы аясында Косово мен Сербия арасындағы қарым-қатынастарды қалпына келтіру туралы келісімнің қосымшасының орындалуына байланысты келісімді құптайтынын білдірді.
Сыртқы істер министрлігі жасаған мәлімдемеде тараптардың аталған келісімнің ережелерін толық орындау арқылы нақты нәтижелерге қол жеткізілетініне сенімін білдірді.
Мәлімдемеде Косово мен Сербия арасындағы қарым-қатынастарды қалыпқа келтіру үшін ЕО жол картасы аясында 27 ақпан күні Бельгияның бас қаласы Брюссельде келісімге қол жеткізудің артынан екі басшысы 18 наурыз күні Солтүстік Македонияның Охрид қаласында келісімнің орындалу қосымшасы жөніндегі шартты құптағанын білдірді.
Мәлімдемеде «Біздің еліміз процеске, әсіресе электр энергиясын тарату мәселесіне өз үлесін қосуда. Құрметті Президент (Режеп Тайып Ердоған) жуырда Сербия Президенті (Александар) Вучичпен, Косово Премьер-министрі (Альбин) Куртимен оңаша әңгімелесті. Түркия ретінде Косово мен Сербия арасындағы қарым-қатынастарды қалыпқа келтіруге бағытталған бастамалардың барлығын қолдаймыз» делінді.
Ұқсас жаңалықтар
Көші-қон меморандумына қол қойылды
Түсіністік меморандумы аясында Түркиядағы Ирак азаматтары өз еріктерімен елдеріне оралады.