Сел апатында қаза тапқандар саны 19-ға жетті
Шанлыурфада селмен кеткен бір көлік жүргізушісін іздеу жалғасуда.
1962278

Шанлыурфа және Адыяманда 15 наурызда болған сел апатында қаза тапқандар саны 19-ға жетті.
Селде екі адам қаза тапқан Адыяманда екі адам ағынмен кеткен болатын. Ана мен қыздың ізін табу үшін неше күннен бері іздестіру-құтқару жұмыстары жүргізіліп жатыр еді. Осы жұмыстар нәтижесінде ананың жансыз денесі табылды. 1,5 жасар қызы Зейнеп әлі табылмады.
16 адам қаза тапқан Шанлыурфада да селмен кеткен бір көлік жүргізушісін іздеу жалғасуда.
Сел апаты болған аймақта барлығы 7 мың 585 қызметкер мен 1485 көлік жұмыс істеп жатыр.
Ұқсас жаңалықтар

Президент Ердоған ант береді
Президент Режеп Тайып Ердоған Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінде ант береді.