"HÜRJET" әскери реактивті ұшағы ұшу-қону жолағына шықты

Қорғаныс өнеркәсібі басшысы Исмаил Демир мәлімдеме жасады.

1962101
"HÜRJET" әскери реактивті ұшағы ұшу-қону жолағына шықты

Президент аппаратының жанындағы Қорғаныс өнеркәсібі төрағасы Исмаил Демир отандық әскери ұшақтан (MMU) кейін отандық реактивті «HÜRJET» ұшақтарының ұшу-қону жолағына шыққанын айтты.

Демир «HÜRJET» туралы Твиттер аккаунтынан «Turkish Aerospace Industries» (TUSAŞ) компаниясына сілтеме жасап, жаңалықты жариялады.

Отандық әскери ұшақтың артынан қазір «HÜRJET»-тің де ұшу-қону жолағына шыққанын атап айтқан Демир «Отандық реактивті ұшақтарымыз көгілдір аспанға жету үшін күн санап, ұшып кетті. Мен үлес қосқандардың барлығын құттықтаймын. Бұл мақтаныш – бәріміздікі»



Ұқсас жаңалықтар