Ердоған Финляндия президентімен кездеседі

Президент Режеп Тайып Ердоған Финляндия президенті Саули Ниинистёмен кездеседі.

1961215
Ердоған Финляндия президентімен кездеседі

Президент Ердоған Финляндия президенті Саули Ниинистёны Президенттік сарайында  ресми рәсіммен қарсы алады.

Ресми рәсімнен кейін көшбасшылар оңаша кездесу өткізеді.

Кездесуде Финляндияның НАТО-ға мүшелікке өтініші талқыланады.

Мадридте 2022 жылдың маусымында қол қойылған үштік меморандум аясындағы соңғы жағдай бағаланады.

Финляндияның меморандумда қабылданған мәселелерге сәйкестігі қаралады.

Ердоған-Нинистё кездесуінде Түркия-Финляндия қарым-қатынастары да талқыланады.

Сонымен қатар, аймақтық және халықаралық оқиғалар қолға алынады.

Кездесуден кейін екі мемлекет басшылары бірлескен баспасөз мәслихатын өткізеді.

 

 



Ұқсас жаңалықтар