Дмитрий Песков  Ердоғанды мақтады

Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Мәскеуде күн тәртіпке байланысты журналистерге мәлімдеме жасады.

1961415
Дмитрий Песков  Ердоғанды мақтады

Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков президент Режеп Тайып Ердоғанның бейбітшілікті сақтауға бағытталған әрекеттері мен арағайындық талпыныстарын жоғары әбағалайтындарын айтты.

Песков ел астанасы Мәскеуде күн тәртіпке байланысты журналистерге мәлімдеме жасады.

Түркіменстан Ұлттық Кеңесі Халық Мәслехатының төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедовтің Ердоғанның бейбітшілік саласындағы Нобель сыйлығына ұсынысын бағалаған Песков «Әрине Ердоғанның күш-жігерін, бейбітшілікті сақтаудағы қызметін, араағайындық талпыныстарын және Ресей-Түркия қарым-қатынастарын дамытуына қосқан үлестерін жоғары бағалаймыз» деген сөздер қолданды.

Песков Түркия, Украина, Ресей және Біріккен Ұлттар Ұйымы арасында Стамбулда 2022 жылы 22 шілдеде қол қойылған және мерзімі 18 наурызда аяқталатын астық дәлізі келісімінің ұзартылуына байланысты «Ресей бұл келісімді 60 күнге ұзартады» деді.

 



Ұқсас жаңалықтар