ТМҰ Саммиті Анкарада басталды
ТМҰ елдерінің кезектен тыс саммиті Президенттік сарайда бүгін басталады.




Түрік Мемлекеттері Ұйымының (ТМҰ) кезектен тыс саммиті бүгін Анкарада жүзеге асады.
ТМҰ Түркияда болған жер сілкінісі себепті кезектен тыс күн тәртібімен жиналады.
ТМҰ-на мүше елдердің көшбасшылары Түркиядағы жер сілкінісіне байланысты кезектен тыс күн тәртібімен бас қосады.
Саммитке президент Режеп Тайып Ердоған басшылық жасайды. Президент Ердоған ұйымға мүше кейбір елдердің президенттерімен оңаша бас қосты.
Ердоғанның алғашқы қонағы Өзбекстан президенті Шевкет Мирзиеев болды.
Президент Ердоған Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев және Қырғызстан президенті Садыр Жапаровпен бөлек бас қосты.
Қонақ президенттер Түркиядағы жер сілкінісіне байланысты Ердоғанға көңіл айтып, жұмыстары үшін жеңілдік тіледі. Бас қосулар барысында өзара қарым-қатынастар мен аймақтық мәселелер талқыланып, Түрік Мемлекеттері Ұйымы саммитінің күн тәртібіндегі мәселелерге баға берілді.
ТМҰ кезектен тыс саммиті Түркиямен қатар Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстанның қатысуымен Президенттік сарайда өтеді.
Солтүстік Кипр Түрік Республикасы, Түрікменстан және Венгрия да саммитке бақылаушы ел ретінде қатысады.
Кездесудің күн тәртібінде Түркиядағы жер сілкіністерінен кейін басылатын ортақ қадамдар мен түрік географиясына қатысты мәселелер қарастырылады.
Ұқсас жаңалықтар

Министр Чавушоғлу Финляндиялық әріптесімен телефонда сөйлесті
Мевлүт Чавушоғлу финляндиялық әріптесі Хаавистомен телефон арқылы сөйлесті.