Су тасқынынан қаза тапқандар саны 16-ға жетті
Шанлыурфа мен Адыяманда су тасқынынан қаза тапқандар саны 16-ға жетті.
1960408

Ішкі істер министрі Сүлейман Сойлу кеше болған су тасқынына байланысты мәлімдеме жасады.
Сүлейман Сойлу «Шанлыурфада 16 азаматымыз қаза тапты. Адыяманда екі азаматымыз көз жұмды. 5 адамды іздеп жатырмыз» деді.
Жоғалғандарды іздеу жұмыстарының жалғасып жатқанын атап көрсеткен Сойлу «Зақымдалған үйлердің анықтау жұмыстары да дереу басталды» деген сөздер қолданды.
Шанлыурфада 2 күн толассыз жауған жауын-шашынның жылдық орташадан екі есе жоғары болғаны хабарланды.
Аймақта қатты жаңбыр туралы ескерту жарияланды.
Ұқсас жаңалықтар

Емине Ердоған БҰҰ-да сөз сөйледі
Бірінші ханым қалдық саясатындағы Түркияның тәжірибесін баяндап берді.