Ердоған партиясының ТҰҰМ отырысында үн қатты

Ердоған 650 мың үй салып, игіліктерге беруді жоспарлағандарын білдірді.

1960348
Ердоған партиясының ТҰҰМ отырысында үн қатты

Президент Режеп Тайып Ердоған 6 ақпан күні болған жер сілкінісінен қираған қалаларды бір жыл ішінде қалпына келтіруге уәде бергендерін, 650 мың үй салып, игіліктерге беруді жоспарлағандарын білдірді.

Президент Ердоған өзі басқаратын Әділет және даму партиясының (АК партия) Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісіндегі (ТҰҰМ) отырысында үн қатты.

Түркияның 6 ақпан күні таңертең өткен ғасырдың ең үлкен апатымен оянғанын атап көрсеткен Ердоған «Жер шарына 7 шақырым қашықтықта және тығыз тұрған аудандардың астында болған жер сілкіністерінің қарқындылығы ұқсас магнитудалық әріптестерінен салыстыруға келмейтіндей күшті болды» деді.

«Борышымыз жүректерді жұбату, ауырғанын бөлісу, жараларды емдеу, қаржылық шығынның, әсіресе үйлердің орнын толтыру» деген президент Ердоған «Бір жылдың ішінде жер сілкінісінен қираған қалаларымызды қалпына келтіруге ұлтымызға уәдеміз бар. Алдағы жылы 650 мың тұрғын үй салып, игіліктерге жеткізуді жоспарлап отырмыз» деді.

Президент «Соңғы 20 жылда пайдалануға берген 1 миллион 180 мың жаппай тұрғын үй және біз салған 3,3 миллион қалалық трансформация жобалары уәдемізде тұратынымыздың кепілі» деді.



Ұқсас жаңалықтар