Ибрахим Калын АҚШ-та

АҚШ Мемлекеттік хатшысының саяси істер жөніндегі орынбасары Виктория Нуландпен кездесті.

1959953
Ибрахим Калын АҚШ-та
ibrahim kalin abd'de.jpg
victoria nuland-ibrahim kalin.jpg

Президенттік аппараттың баспасөз хатшысы Ибрахим Калын АҚШ-тың Ұлттық Қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Джейк Салливан және АҚШ Мемлекеттік хатшысының саяси істер жөніндегі орынбасары Виктория Нуландпен кездесті.

Президенттік аппараттан жасалған мәлімдемеде Ақ Үй және АҚШ Сыртқы істер министрлігінде жүзеге асқан кездесуде АҚШ пен халықаралық қауымдастықтың жер сілкінісі кезінде елімізге көрсеткен қолдау мен олардың ынтымақтастығы айтылды.

Түркияның жер сілкінісі болған аймақты жылдам қалпына келтіру және қайта салу үшін талпыныстарын жалғастырғаны айтылды» делінді.

Түркия-АҚШ қарым-қатынастарының стратегиялық тұғырының тілге тиек етілгені атап көрсетілген мәлімдемеде екі одақтас елдің жаһандық және аймақтық мәселелерде өзара құрмет пен мүдделестік негізінде ынтымақтастықтың жалғастырдың маңыздылығына баса назар аударылды.

Мәлімдемеде Түркияның негізінен НАТО-ның ашық есік саясатын қолдағаны аталып, Швеция мен Финляндияның үш жақты келісім аясындағы міндеттемелерін орындауының процесті жылдамдата түсетіні баса айтылды.

Мәлімдемеде Ресей-Украина соғысының ұзаруының аймақ пен жаһандық тұрақсыздықты тереңдеткені, Түркияның шешім үшін дипломатиялық талпыныстарын жалғастыратыны атап өтілді.

Мәлімдемеде сондай-ақ астық жөнелту келісімінің ұзартылуында Түркияның рөлі де баса назар аударылып «Түркияның PKK/PYD/YPG, ДАИШ және Фетуллахшы террор ұйымы (ФЕТӨ) сияқты барлық террор ұйымдарымен табанды күресін жалғастыратыны баса айтылды» делінді.

Ақ Үйден жасалған мәлімдемеде болса Калын мен Салливанның өзара қарым-қатынастармен қатар аймақтық және жаһандық мәселелерді талқылағаны хабарланды.



Ұқсас жаңалықтар