Чавушоғлу бірнеше саяси тұлғамен сөйлесті

Чавушоғлу БҰҰ Бас хатшысы, Норвегия және Тунис Сыртқы істерлерімен телефон арқылы сөйлесті.

1960023
Чавушоғлу бірнеше саяси тұлғамен сөйлесті

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Біріккен Ұлттар Ұйымы  Бас хатшысы Гутерреш, Норвегия және Тунис Сыртқы істер министрлерімен телефонда сөйлесті.

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Біріккен Ұлттар Ұйымы  Бас хатшысы Антониу Гутеррешпен телефонда сөйлесті.

Әңгіме барысында Стамбул астық келісімінің мерзімін ұзарту және Украинадағы соңғы оқиғалар талқыланды.

Министр Чавушоғлу Норвегия Сыртқы істер министрі Анникен Хуйтфельдтпен де телефон арқылы сөйлесті.

Чавушоғлу 6 ақпанда орталығы Кахраманмараштағы жер сілкінісінен кейін Норвегияның көрсеткен қолдауы мен ынтымақтастығы үшін Хуйтфельдтке алғыс айтты.

Әңгімеде НАТО-ның кеңеюі, Стамбул астық келісімінің мерзімін ұзарту, Ауғанстан мен Сомалидегі оқиғалар талқыланды.

Мевлүт Чавушоғлу Тунистің жаңа Сыртқы істер министрі Набил Аммармен де телефон арқылы  сөйлесті. Чавушоғлу жаңа қызмытымен құттықтады.

Чавушоғлу сонымен бірге әрі  норвегиялық, әрі тунистік әріптестеріне жер сілкінісінен кейінгі қолдаулары мен ынтымақтастығы үшін алғыс айтты.



Ұқсас жаңалықтар