Түркиядан Еуропарламентке PKK наразылығы

Түркия PKK/PYD/YPG жақтастарының Еуропарламент алдындағы акциясын қатаң түрде айыптады.

1956993
Түркиядан Еуропарламентке PKK наразылығы

Түркия Еуропа Парламенті ғимаратында террор ұйымы PKK/PYD/YPG басшылары мен жақтастарының Түркияға қарсы әрекетін қатаң түрде айыптады.

Сыртқы істер министрлігі жасаған жазбаша мәлімдемеде Еуроодақтың (ЕО) террористік ұйымдар тізіміне енген және Түркияның тұтастығын нысанаға алған бір террор ұйымын насихаттауға қызмет ететін әрекеттің қабылданбайтыны атап көрсетілді.

Мәлімдемеде «Бұл жағдай Еуропарламенттің лаңкестікпен күрестегі екі ұдайылығы мен арамдығын тағы бір рет көрсетеді. Еліміздің атын атап, заңдылыққа ие болуды көздеген бұл әрекетке рұқсат беру ЕО-ның халықаралық міндеттемелеріне де қайшы келеді» делінді.

Түркияның террор ұйымдарының барлығымен күресін табанды түрде жалғастыратыны аталып, халықаралық қауіпсіздікке қауіп төндіретін терроризммен күресте Еуроодақ мекемелері мен мүше мемлекеттердің Түркияға қолдауының күтілгені білдірілді.



Ұқсас жаңалықтар