"Жер сілкінісінің зардабы 100 миллиард доллардан асады"

БҰҰ өкілі апаттың көлемін бұрын-соңды болмаған деңгейде деп атады.

1956130
"Жер сілкінісінің зардабы 100 миллиард доллардан асады"

БҰҰ Түркияда 6 ақпан күні болған Кахраманмараш жер сілкінісінің зардабының 100 миллиард доллардан асатынын білдірді.

БҰҰ Даму бағдарламасы UNDP-нің Түркия өкілі Луиза Винтон БҰҰ-ның Женевадағы штаб-пәтерінде өткен баспасөз мәслихатына Газиантептен видео арқылы қатысты.

6 ақпан күні болған жер сілкінісінен бері 1 ай өткенін білдірген Винтон жер сілкінісіне байланысты аймақтағы 2,7 миллион адамның туған жерінен ауғанын, 600 мыңға жуық ғимарат пен кәсіпорынның құлағанын атап көрсетті.

Винтон «Бүгінгі күнге дейін жасалған есептеулерге қарағанда, зардаптың мөлшері 100 миллиард доллардан асады деп болжалды» деді.

Өкіл апаттың көлемін бұрын-соңды болмаған деңгейде деп атады. «Үйінді астында адамдардың үйлері, арманы, естеліктері, барлығы қалды. Апат 100 миллион текше метр қалдық қалыптастырды. Бұл өте үлкен көрсеткіш» деді ол.

Винтон «Халықаралық қоғамға осы апаттың қаншалықты жойқын болғанын түсіндіруіміз керек. БҰҰ Бас хатшысы Антонио Гутерриш де айтқандай, Түркия неше жылдан бері Сирияға көрсетіп келген жомарттықты енді Түркияға көрсетудің уақыты келді. Бұл тек аймақтағы инфрақұрылымның қайтадан салынуы үшін қаржыландыру немесе қолдау беру емес, қоғамның қалыпты өміріне қайта оралуы тұрғысынан өте маңызды. Аймақтың қайта дамуы үшін бірқатар қаржылық механизм де бар» деді.



Ұқсас жаңалықтар