Жер сілкінген аймаққа шетелден жәрдем келуде

16 ел жер сілкінген аймақта 34 көшпелі аурухана құрды және 179 мың 655 шатыр тікті.

1956073
Жер сілкінген аймаққа шетелден жәрдем келуде

6 ақпанда Кахраманмарашпен бірге 11 уәлаятты қамтыған жер сілкінісінен кейін 16 ел аймақта 34 көшпелі аурухана құрды.

Сыртқы істер министрлігі Twitter парақшасында Түркияға шетелдік өкілдердің қатысуымен жеткізілген материалдық көмекті қамтитын графиканы бөлісті.

Осыған сәйкес 16 ел жер сілкінісі болған аймақтарда 34 көшпелі аурухана құрды, Түркияға осы уақытқа дейін 179 мың 655 шатыр, 2 мың 76 тұрғын үй контейнері және 2 мың 75 жылжымалы гигиеналық қондырғы әкелінді.

Материалдық жәрдемдер аясында 1 милион 879 мың 145 көрпе, 269 мың 747 ұйықтайтын қап, 96 мың 462 төсек, 33 мың 810 генератор, 7 мың 488 тонна киім-кешек, 4 мың 109 тонна гигиеналық медициналық мақсаттағы бұйымдар және 6 мың 908 тонна азық-түлік Түркияға жеткізілді.



Ұқсас жаңалықтар