Министр Чавушоғлу Үлкен жиырма саммитінде үн қатты
Мевлүт Чавушоғлу Жаңа-Делиде Үлкен жиырмалық елдері Сыртқы істер министрлері жиналысына қатысты.



Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) мекемелерімен қатар Дүниежүзілік Сауда Ұйымы (ДДСҰ) және халықаралық қаржы ұйымдарының да жан-жақты реформаға мұқтаж екенін айтты.
Үндістанның бас қаласы Жаңа-Делиде өткен Үлкен жиырмалық елдері Сыртқы істер министрлері жиналысы Түркия мен Сирияда 6 ақпан күні орын алған орталығы Кахраманмараштағы жер сілкінісінен қаза тапқандарды бір минуттық үнсіз еске алумен басталды.
Сыртқы істер министрі Чавушоғлу жиында жасаған баяндамасына жер сілкіністері кезінде көрсетілген ынтымаққа ризашылығын білдірді.
Чавушоғлу сессияда көпжақтылықты нығайту және реформа қажеттілігі, азық-түлік және энергетикалық қауіпсіздігі, даму ынтымақтастығы тақырыпты отырыста Түкияның ұстанымының «көпжақтылықты нығайту және реформалар қажеттілігі» екенін атап көрсетті.
Біріккен Ұлттар Ұйымында реформа жасалмаса, кез-келген көп жақты талпыныстың жеткіліксіз болатынын атап көрсеткен Чавушоғлу Қауіпсіздік кеңесі мен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы сияқты БҰҰ мекемелерінің, сондай-ақ Дүниежүзілік сауда ұйымы мен халықаралық қаржы ұйымдарының жан-жақты реформаға қажеттілігі бар екеніне назар аударды.
Чавушоғлу «Реформа бойынша күш-жігер біздің жеке үмітімізге емес, үлкен игілікке бағытталуы керек» деді.
Министр Чавушоғлу Украинадағы соғыстың жаһандық энергия және азық-түлік қауіпсіздігі мәселесін күн тәртібіне шығарғанына назар аударып, азық-түлік және энергия қауіпсіздігі қамтамасыз етілмейінше ешқандай даму талпынысының қарастыруға болмайтынын білдірді.
Чавушоғлу «БҰҰ-мен бітімгерлік жасаған Стамбұл астық келісімі әлемдегі әрбір үй шаруашылығына көмектеседі. Біз мұның мерзімін созуға тырысамыз» деді.
Ұқсас жаңалықтар

Барлау қызметі Иракта үш террористті залалсыздандырды
Барлау ұйымы шетелде тағы бір рет табысты операция жүргізді.