Ердоған жер сілкінісі болған аймаққа барды
Президент Ердоған жер сілкінісінің эпицентрі Кахраманмараштың Елбистан ауданына барды.
1952763
Президент Режеп Тайып Ердоған тексеру жүргізу үшін 6 ақпан күні 7,6 баллдық екінші жер сілкінісінің эпицентрі Кахраманмараштың Елбистан ауданына барды.
Анкара Есенбоға әуежайынан зілзала аймағына аттанған Ердоғанға Ұлтшыл Қозғалыс партиясы (MHP) төрағасы Девлет Бахчели мен Ұлы Бірлік партиясы (BBP) төрағасы Мұстафа Дестичи де серік болуда.
Президент Ердоған Елбистаннан кейін Кахраманмараштың Афшин және Малатияның Доганшехир аудандарында жер сілкінісінен зардап шеккендермен кездесіп, жер сілкінісінен кейін жүргізілген жұмыстарды тексереді.