Ердоған Пәкістан премьер-министрін қабылдады

Ердоған Пәкістан премьер-министрі Шахбаз Шарифті қабылдады.

1947726
Ердоған Пәкістан премьер-министрін қабылдады

Президент Режеп Тайып Ердоған Пәкістан премьер-министрі Шахбаз Шарифті қабылдады.

Президенттік аппараттың Коммуникация басқармасының мәлімдемесіне қарағанда Пәкістан премьер-министрі Шариф кеше астана Анкарадағы Президенттік сарайда ұйымдастырылған қабылдауда жер сілкіністерінде қаза тапқандарға көңіл айтып, жарақат алғандардың тезірек сауығып кетуін тіледі. Кездесу баспасөзге жабық түрде өтті.

Палестина мемлекет басшысы  Махмуд Аббас, Индонезия президенті Джоко Видодо, Венесуэла президенті Николас Мадуро және Испания премьер-министрі Педро Санчес те президент Ердоғанға телефон шалып, зілзалада қаза тапқандарға көңіл айтты және  жараланғандардың сауығып кетуін тіледі.

Кездесу және әңгіме барысында басшылар Түркияға қолдау білдіріп, түрік халқымен ынтымақтастығын баяндады.



Ұқсас жаңалықтар