Сүйіншілі хабарлар да келіп жатыр

Жер сілкінісінен бері көптеген сағат өтсе де, өмірге үміт сыйлайтын ғажайып жаңалықтар келіп тұр.

1944731
Сүйіншілі хабарлар да келіп жатыр

6 ақпанда Кахраманмарашта Түркияны қатты дүр сілкіндірген жер сілкінісінде үйінді астынан сүйінші хабар жеткізу үшін жүздеген құтқару тобы мен мыңдаған ерікті жұмыс істеуде.

Тіпті көптеген сағат өтсе де, өмірге үміт сыйлайтын ғажайып жаңалықтар келіп тұр.

Хатайдың Антакия ауданында жер сілкінісінен 101 сағат өткен соң 30 жастағы Хикмет Йигитбаш тірілей шығарылды.  101 сағаттан кейін Диярбакырда да анасы мен баласы қиранды астынан аман шықты.

Кахраманмарашта бір адам 99 сағаттан кейін, Хатайда бір адам 98 сағаттан кейін құтқарылды, 1,5 жасар Села мен отбасының 4 мүшесі 96 сағаттан кейін құтқарылды. Хатайда 10 күндік сәби мен анасы жер сілкінісінен 90 сағат өткен соң үйінді астынан құтқарылды.

Газиантепте үйінді астында қалған 17 жастағы Аднан Коркут 94 сағаттан кейін құтқарылды.



Ұқсас жаңалықтар