Түркияға халықаралық көмек келіп жатыр
Армения да іздеу-құтқару тобын жіберді.

Еуропалық Одақ (ЕО) комиссиясының мәлімдемесіне қарағанда, Еуроодақ азаматтық қорғаныс механизмі аясында осы уақытқа дейін 36 іздеу-құтқару тобы мен медициналық топ Түркияға жіберілді немесе жіберіледі. Еуроодаққа мүше 20 мемлекет пен Еуропаның 3 елінен 1500 іздеу-құтқару қызметкеріне 100 іздестіру-құтқару иті серік болатыны айтылды.
Армения да 57 адамнан тұратын іздеу-құтқару тобын Түркияға жіберді.
Бельгия болса жер сілкінісінен зардап шеккен аймаққа күніне 100-ден астам науқасты емдей алатын далалық аурухана жібермек.
Ұқсас жаңалықтар

Жер сілкінісінің салдарынан қаза тапқандар саны 50 мыңнан асты
Жер сілкінісі салдарынан жарақат алғандар саны 107 мың 204 болды.

Сел апатында қаза тапқандар саны 19-ға жетті
Шанлыурфада селмен кеткен бір көлік жүргізушісін іздеу жалғасуда.