Түркиядағы зілзалада 5894 кісі қаза тапты

Вице-президент Фуат Октай жер сілкінісінен 5 мың 894 адамның қаза тапқанын мәлімдеді.

1943475
Түркиядағы зілзалада 5894 кісі қаза тапты

Кахраманмараштың Пазаржык ауданында 7,7, Елбистан ауданында 7,6 балдық жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 5 мың 894 адамға көбейді.

Вице-президент Фуат Октай 6 ақпан күні орын алған эпицентрі Кахраманмараш жер сілкінісінен 5 мың 894 адамның қаза тапқанын, 34 мың 810 адамның жараланғанын хабарлады.

Оқтай қираған ғимарат санының 5 мың 775, қирандылардан құтқарылғандардың 8 мыңға жуық екенін атап көрсетті.

Октай «Біздің іздеу құтқару жұмыстары жалғасуда. Бұл әрекеттер үйінді астындағы соңғы азаматқа жеткенше жалғасады» деген сөздер қолданды.

Вице-президент іздеу құтқару жұмыстарында 60 мың 218 адам жұмыс істеп жатқанын түсіндірді.

 



Ұқсас жаңалықтар