Түркиядағы зілзалада 5434 кісі қаза тапты

AFAD жер сілкінісінен 5 мың 434 адамның қаза тапқанын, 31 мың 777 адамның жараланғанын жариялады.

1943386
Түркиядағы зілзалада 5434 кісі қаза тапты

Кахраманмараштың Пазаржык ауданында 7,7, Елбистан ауданында 7,6 балдық жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 5 мың 434 адамға көбейді.

Апат және төтенше жағдайларды басқару ұйымы (AFAD)  жер сілкінісінен 4 мың 434 адамның қаза тапқанын, 31 мың 777 адамның жараланғанын мәлімдеді.

Құлап қалған 5 мың 775 ғимарат орналасқан аймақтарда іздеу және құтқару жұмыстары жалғасып жатыр.

Түрік Қызыл жарты ай қоғамы алғашқы сәтте аймақтарға жеткізген 10 мың кісілік шатырлар тігіле бастады.

Аймақтарда міндет атқарған іздеу-құтқару қызметкерлер саны 25 мың 693 кісіге, көлік санының 360-қа, жұмыс машиналарының саны да 3 мың 361-ге кеткені хабарланды. 

AFAD жасаған мәлімдемеде Кахраманмараштың Пазаржык ауданында алдынғы күні Түркия уақытымен сағат 04:17-де болған жер сілкінісінің магнитудасы бұрын 7,4 деп хабарланған, кейіннен 7,7 деп қайта тіркелген еді.

Апат 10-нан астам қалада болғандықтан халықаралық көмекті қамтитын 4-ші деңгейлі дабыл соғылды.

Құлаған ғимараттар орналасқан аймақтарда іздеу-құтқару жұмыстары жалғасуда.



Ұқсас жаңалықтар