Түркияда қаза тапқандар саны 2316 адамға көбейді

Ұлттық Қорғаныс министрі Хулуси Акар мен Денсаулық сақтау министрі Фахреттин Кожа мәлімдеме жасады.

1942746
Түркияда қаза тапқандар саны 2316 адамға көбейді

Кахраманмараштың Пазаржык ауданында болған 7.7 баллдық  және Эльбистан ауданында тағы 7.6 баллдық жер сілкінісі салдарынан қаза тапқандар саны 2 мың 316 адамға көбейді.

Апат және Төтенше жағдайларды басқару ұйымы Жер сілкінісі қаупі және оны азайту директоры Орхан Татар  жасалған мәлімдемесінде Кахраманмараштың Пазаржык ауданында  7.7 балл жер сілкінісінде қаза тапқандар саны 2 мың 316 адамға жеткенін, 13 мың 293 кісінің жараланғанын хабарлады. 

Орхан Татар  жер сілкінісінде 6 мың 217 ғимараттың құлағанын, ғимарат қалдықтары астынан 7 мың 340 адамның аман-есен құқарылғанын білдірді. 

Ұлттық Қорғаныс министрі Хулуси Акар Денсаулық сақтау министрі Фахреттин Кожамен бірге ұйымдастырған баспасөз мәслихатында 17 ұшақпен әуеден жәрдем дәлізін орнатқандарын және осы дәліз арқылы жәрдемдерді, Апат және Төтенше жағдайларды басқару ұйымы мен денсаулық сақтау қызметкерлерін аймақтарға жеткізу үшін талпынғандарын хабарлады.

Сондай-ақ жер сілкінісінен 3471 ғимарат қирап қалғаны хабарланды.

Апат және төтенше жағдайлар басқармасы (AFAD) мәлімдемесінде Кахраманмараштың Пазаржык ауданында сағат 04:17-де болған жер сілкінісінің магнитудасы бұрын 7,4 деп хабарланған еді, ол 7,7 деп өзгертілді.

10-нан астам қалада сезілген жер сілкінісінен кейін халықаралық жәрдемді де қамтыған 4-шідеңгейлі дабыл соғылды.

Құлаған ғимараттар орналасқан аймақтарда топтардың іздеу-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр.

Кахраманмараштың Эльбистан ауданында Түркия уақытымен сағат 13.24-те тағы 7.6 баллдық жер сілкінісі тіркелген болатын.



Ұқсас жаңалықтар